«4 594 500 теңге»: Олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

1956
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/5efb9cc5-b34b-4027-bea7-a9573f5d0d24.jpeg
Биыл елімізде дарынды балаларды қолдау бойынша жұмыс жалғасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қазіргі таңда министрлік заңнамаға түзетулер енгізіп жатыр. Онда интеллектуалдық байқаулардың жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз, конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беру қарастырылған. Сондай-ақ ведомство халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог-жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуге бастамашылық етті.
«Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК (4 594 500 теңге), күміс медаль – 1000 АЕК ( 3 063 000 теңге),  қола медаль – 500 АЕК ( 1 531 500 теңге) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр»,– деп мәлімдеді БҒМ баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料