Шымкентте тозығы жеткен жылу құбырлары жөнделуде

2390
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/9280c266-aa68-49a0-8a99-48b46c2e5d06.jpeg
Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның 2 нысаны аяқталып, 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді. 2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл: - 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру, - 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу - 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді. ✅ 2023 жылы - 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары. 2024 жылы - 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары. 2025 жылы - 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论