Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды, украиндар таңдаған жолды құрметтейміз - ҚХР өкілі

6970
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/1_1647273716_1620x1080_1_0.jpg
Қытай мемлекеті украиндармен мәңгілік достық қарым-қатынаста болады. Аспан асты елінің билігі Украинаны экономикалық жағынан да, саяси жағынан да қолдайды. Мұндай мәлімдемені ҚХР-ның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Фан Сяньжун Львов облыстық әскери әкімшілігінде өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Қытай-украин халқы үшін достас ел. Біз әрқашан да сіздердің мемлекеттеріңізді құрметтеп, қарым-қатынасымызды теңдік пен өзара тиімділік негізінде дамытатын боламыз. Біз украиндар таңдаған жолды құрметтейміз, өйткені бұл әр халықтың егемендік құқығы", – деді ол. Елші: "Қытай ешқашан Украинаға шабуыл жасамайды"деп сендірді.
Оның айтуынша, ҚХР Украинаны экономикалық бағытта дамытуға көмектесуге дайын.
"Біздің еліміз бір жылда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 3 триллион доллардан асатын тауар импорттайды. Біз сіздерді дамытуға көмектесуге дайынбыз. Қазіргі  қалыптасқан жағдайда жауапкершілікпен әрекет ететін боламыз", - деп сендірді дипломат.

"Адырна" ұлттық порталы

评论