«Жерге зиян келтіретін тіршілік иелерінің ішіндегі ең жауызы – адам» деген еді бір данышпан. Шындығында, табиғатқа да, жануарларға да, тіпті, бір-біріне қастандық жасайтын да адам. Озбырлық, қатыгездіктің түрлі идеяларының авторы да адам…
ХХ ғасыр техникалық прогресс пен адамзат дамуының уақыты ғана емес, бұл ғасыр ең қатыгез, қанды, жойқын соғыстар мен геноцидтердің кезеңі болды. ХХ ғасырдан бері қарай адамзат жауыздығынан туындаған тарихтағы ең сұмдық геноцидтерге шолу жасайық.
Айта кетейік, геноцид – кез келген ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты жою мақсатында жасалған әрекет.
Армян геноциді
ХХ ғасырдың басын Армян геноциді бастап тұр. Бұл Осман империясының армяндарға жасаған жауыздығы еді. 1915 жылдан бастап, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін түріктер армяндарға шабуыл жасап келді7
Олар еңбекке жарамды ерлерді түгел өлтірді, ал әйелдер мен балалар Сирия шөлі арқылы «өлім шерулері» деп аталатын жаңа тұрғылықты жерге баруға мәжбүр болды. Онда өлім жазасына кесілді. Тұрғындармен бірге ауылдар да өртеніп, армяндарға толы кемелер Қара теңізге сүйретіліп, суға батырылды. Армяндарды газбен өлтіруге арналған кем дегенде жиырма концлагерь салынды. Түрік дәрігерлері жазықсыз сәбилерге іш сүзегімен ауырғандардың қанын екті.
Фото: American Committee for Relief in the Near East
Бұның салдарынан қаланың 5379 тұрғыны босып кетуге мәжбүр болды, 1275 адам тұтқынға алынды. Олардың 150-інің, оның ішінде 68 әйел мен 26 баланың тағдыры әлі белгісіз. 487 адам жарақат алды, 8 отбасы толығымен қырылып, 25 бала толықтай жетім қалды, 130 бала ата-анасының бірінен айырылды. 613 бейбіт тұрғын, олардың қатарында 63 бала, 106 әйел мен 70 қария аяусыз өлтірілді.
Бұл туралы толық ақпаратты сайтымыздан оқи аласыз.
Руанда геноциді
1994 жылы 6 сәуірде Руанда президенті Жувенал Хабьяримана мен Бурунди президенті Кипрьен Нтарямира мінген ұшақ Руанда астанасы Кигали қаласына жақындағанда атып түсірілді. Ұшақтағы барлық жолаушылар қайтыс болды. Дәл осы күні елде геноцид басталды. Сарбаздар, полицейлер және жасақшылар тутси халқының өкілдері мен хутулар арасында негізгі әскери және саяси қайраткерлерді тез арада басып-жаншып, бақылау-өткізу пункттерін салды.
Фото: American Committee for Relief in the Near East
Фото: opb.org
- Біріншіден, бұл үкіметтің ресми саясаты. Әрбір түрік губернаторының «нәтижеге жету» атты мақсаты болды. Егер шенеунік өлтіруден бас тартса, ол жұмыстан шығарылды.
- Екіншіден, ресми үгіт-насихат армяндарды «микроб деңгейіндегі тіршілік иелері» деп жариялады. Одан бөлек, сауатсыз шаруалар мен жастардың басын шауып отты. Олар: «Армян христианын крестке шегелеп өлтіру қылмыс емес, өйткені олар өз Құдайына еруді армандайды» деген пікірде болды.
- Үшіншіден, үкімет армяндардың мүлкін тартып алды. Қазынаны толтыру деген өте қисыныз саясат болды.
Фото: blogforlife.org
Фото: e-history.kz
фото: cablook.ru
Бұның салдарынан қаланың 5379 тұрғыны босып кетуге мәжбүр болды, 1275 адам тұтқынға алынды. Олардың 150-інің, оның ішінде 68 әйел мен 26 баланың тағдыры әлі белгісіз. 487 адам жарақат алды, 8 отбасы толығымен қырылып, 25 бала толықтай жетім қалды, 130 бала ата-анасының бірінен айырылды. 613 бейбіт тұрғын, олардың қатарында 63 бала, 106 әйел мен 70 қария аяусыз өлтірілді.
Бұл туралы толық ақпаратты сайтымыздан оқи аласыз.
Руанда геноциді
1994 жылы 6 сәуірде Руанда президенті Жувенал Хабьяримана мен Бурунди президенті Кипрьен Нтарямира мінген ұшақ Руанда астанасы Кигали қаласына жақындағанда атып түсірілді. Ұшақтағы барлық жолаушылар қайтыс болды. Дәл осы күні елде геноцид басталды. Сарбаздар, полицейлер және жасақшылар тутси халқының өкілдері мен хутулар арасында негізгі әскери және саяси қайраткерлерді тез арада басып-жаншып, бақылау-өткізу пункттерін салды.
Фото: Corinne Dufka / AP
Геноцидті ұйымдастырушылар хутуларды тутси көршілерін зорлау, ұрып-соғу және өлтіру, мүліктерін жою және иемдену үшін қарулануға шақырды және мәжбүрледі.
Геноцидтің алғашқы 6 аптасында 800 000-ға дейін адам қайтыс болды. Гвардия, жандармерия және жастар отрядтары Холокост кезіндегіден бес есе көп адамды қырды. Зардап шеккендердің көпшілігі өздері тұратын елді мекендерде, көбінесе көршілер мен жергілікті тұрғындардың қолынан қаза тапты. Полициялар ұлттық панга мачетелерін қолданды, кейбір армия бөлімдері мылтықтарды пайдаланды. Хуту баскесерлері тутсилерді өздері жасырынған мектептер мен шіркеулерден іздеп, жойып жіберді. Жергілікті билік пен радиостанциялар азаматтарды көршілерін өлтіруге шақырды. Бас тартқандарға сол жерде шара қолданылды. Қанды қырғын 1994 жылдың 6 сәуірінен 18 шілдесіне дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде кем дегенде 1 миллион адам геноцидтің құрбаны болды. Бучадағы қырғын геноцид пе? Айта кетейік, Украина мен Ресей арасындағы соғыс 24 ақпан басталған болатын. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Күні кеше ғана 4 сәуір күні Украинаның Ресей әскерінен босатылған Буча қаласында өлтірілген тұрғындар саны 300-ге жетті. Қаладан қолдары артына байланған мәйіттер табылған. Кей адамдардың басына оқ тиген. Қаза тапқандардың арасында әйелдер, балалар мен қарттар да бар.
Фото: Reuters
фото: ru.kyrmr.com
Бұны Украина президенті Зеленский «геноцид» деп атады. Ал Ресей мұны «сценарий» дейді. Шындығында, бұл оқиға геноцид пе, әлде жоқ па? Уақыт көрсетеді...
«Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады». Шындығында, рас-ақ...Тарихтағы оқиғалардың бір ұлтты жою үшін жасаған озбырлық әрекеттерінің артында жаман адамдар тұрғаны рас. Қазіргі кезде болып жатқан, Украина мен Ресей арасындағы соғыстың артында да бір жаман адам тұр...Дана Нұрмұханбет
«Адырна» ұлттық порталы