1945 жылы бірінші болып жеңіс туын Берлин қаласының Рейхстагына тіккен Рақымжан Қошқарбаевты қазақстандықтардың бәрі біледі. 1941 жылдан 1945 жылға дейін созылған осы сұрапыл соғыста көптеген қалалар азат етіліп солардың бәріне де жеңіс туы тігіліп отырған.
Бұл соғыстың ең шешуші шайқастарының бірі Сталинград шайқасы. Гитлершіл фашистерден қуып шығу шайқасында Сталинград қаласына жеңіс туын тіккен қазақ батыры назардан тыс қалып келеді.
Әкем ғалым Әсілхан Оспанұлы Ұлы Отан соғысының батыры генерал Сабыр Рақымовтың қазақ екенін дәлелдеген «Қазығұрт қыраны» атты зерттеу мақаласы 1972 жылдың 9 мамыр күні облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2-4 беттерінде, содан бір айға жетер-жетпесте 1972 жылдың 6 маусым күні республикалық «Лениншіл Жас» газетінің (Қазіргі «Жас Алаш» газеті) 3-бетінде жарық көргеннен кейінде генералдың өмір жолын зерттеу жұмысын тоқтатпай С.Рақымовтың нағашы ағаларымен және қарындасы Лүтпімен кездесіп, Өзбекстанның басшысы Ш.Рашидовке, Ғылым Академиясына және басқа да ресми орындарға хат жазып көп жұмыс істеді. Сол кездері Әкем балалары біздерге көптеген қызық әңгімелер айтатын еді. Бірде Берлинге жеңіс туын тіккен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп: Сталинградқа ту тіккен Өтебай ағаларың Шымкентте тұрады, деді.
Әкемнің бұл сөзі мені өте таңқалдырды. Біраз уақыттан соң Әкемнен батыр ағаның тұратын мекенін біліп кездесуге бардым.
Өтебай Қалыбайұлы аға өте әңгімешіл кісі екен. Менің бұйымтайымды білген соң сөзін жәймен бастап кетті:

- Мен соғысты офицер шенінде аяқтадым. Не көрмедім... Соғысқа
- Өтебай аға, менің Әкемнің ағасы Шерехан бабам да соғыста зеңбірекшілердің командирі болған. Жауынгерлер зеңбіректерді қар-батпақта итеріп қиналып жатқанын соғыс жайлы деректі фильмдерден көріп жүрміз. Шамасы соғыстың ең қиын мамандығы зеңбірекші болу шығар?
- Соғыста ешкімге жеңілдік жоқ. Бір снарядтың салмағы
- Өмірімде мақтанарлық бірнеше оқиғалар болды. Екеуі де осы
- Сергей, сенен бір құпия сұрасам айтасың ба? – дедім.
- Білсем айтамын, - деді ол.
- Біз Паулюсті іздеп жүрміз, әбден титықтадық. Соның штабы қай
- Көрсетейін. – деді Сергей.
- Өтебай аға, майданда достықтың орны бөлек шығар...
- Соғыстың ең қуанышты сәті жеңіс қой. Соғыс біткенін қашан
- Көкек айының соңғы күндері бізге бір топ офицерлер келді. Олар
Бердалы ОСПАН,
"Адырна" ұлттық порталы