Шавкат Рахмонов төртінші рет жеңіске жетті

4148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/986382d5-0ac3-4ef8-8e2b-53982d4f7338.jpeg
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді (26-8) жеңді. Бірінші раундта Рахмонов қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта да қазақстандық шабуылын тоқтатпады, ал раунд аяқталуына үш секунд қалғанда қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал Мэнги UFC-де 27-рет октгонға шығып, сегізінші рет жеңіліп отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

评论