Жанармай жетпейді: транзиттік рейстерге жанармай құю тоқтатылды

4087
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-08_141511037.png
Алматы әуежайында техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құю тоқтатылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Әуе айлағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шектеулер авиациялық отынның жетіспеушілігіне байланысты.
«Жергілікті де, импорттық та жанармайдың жетіспеуіне, сондай-ақ уақытылы жеткізілімдегі мәселелерге байланысты жолаушылар мен коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонуы бар рейстерге жанармай құюды тоқтатты. », - делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Алматы әуежайында чартерлік рейстерде ұшақтарға жанармай құю тоқтатылған болатын.
评论