12 күн. Израильдің зымыраннан қорғану қоры таусылуға жақын

508
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/zymyran.jpg

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Израильдің зымыраннан қорғану жүйесі – Arrow кешеніне арналған зымырандардың қоры таусылуға жақын екенін жазуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап. 

The Wall Street Journal газетінің жазуынша, АҚШ билігі Израильде зымыран тапшылығы туындайтынын бірнеше ай бұрын білген. Осыған байланысты Вашингтон Израильдің қорғанысын күшейту мақсатында құрлықта, теңізде және әуеде қосымша әскери күштер мен зымыранға қарсы жүйелер жіберді.

The Washington Post басылымы да Израильдің қазіргі зымыраннан қорғану әлеуеті тек 10–12 күнге ғана жетуі мүмкін екенін хабарлады. АҚШ пен Израиль барлау қызметіне жақын дереккөздің мәліметінше, оқ-дәрі мен зымыран қоры шектеулі болғандықтан, енді Израиль әр шабуылға жауап беру мүмкіндігін таңдап отыруға мәжбүр болады.

«Олар енді нақты нысаналарды таңдап, қайсысын атып түсіру керек екенін шешуге тиіс», – дейді дереккөз.

Дереккөздің айтуынша, Израиль соңғы күндері Иран зымырандарының көп бөлігін жойған. Алайда Иран тарапынан жасалатын шабуылдардың қарқыны да біраз бәсеңдеген. Соған қарамастан, Тегеранның қолында әлі қанша зымыран қалғаны беймәлім.

评论
其他材料