Ливия жағалауында жарылған танкер. Министрлік оған қазақ мұнайы тиелгенін жоққа шығарды

9504
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pz2YRWtptRiSzOORmzqgWl57UY0d6tZrohR3aGal.webp

Қазақстан Энергетика министрлігі Жерорта теңізінде, Ливия жағалауында жарылған танкер бортында Қазақстан мұнайы бар деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Ливия жағалауында танкердің жарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтерге байланысты, аталған танкерде қазақстандық мұнай болған деген дерекке қатысты төмендегіні хабарлаймыз. Инцидент жеке меншік танкерде орын алған, оның соңғы жүктемесі Ливия порттарының бірінде жүзеге асырылған. Апат кезінде танкерде қазақстандық мұнай болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді сейсенбі күні Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жерорта теңізінде танкердің жарылуы туралы ақпаратты бірнеше БАҚ таратқан болатын. Онда жарылған танкер бұған дейін қазақстандық мұнайды тасымалдағаны айтылған.

评论