Сорбұлақ көлінен екінші марқұмның денесі табылды

1839
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CthxRI2F2CXzcsljuXmAOiAb7lYYK2m9DaGCinaa.jpg

Қорғаныс министрлігі Сорбұлақта жүргізілген іздестіру операциясы барысында екінші мәйітті тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«EC-145 тікұшағының құлаған жерінде жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екінші мәйіт табылып, су бетіне көтерілді. Қазіргі уақытта құзырлы органдардың қатысуымен жеке басын анықтау процедурасы жүргізілуде», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ақпаратта іздестіру жұмыстары Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күштері мен құралдарын тарта отырып, тәулік бойы жүргізіліп жатқаны еске салынды.

Бұған дейін Сорбұлақ көлінде шамамен 14 метр тереңдіктен жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен мәйіттің табылғаны, жеке басын анықтау процедурасы жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстарына су астындағы нашар көріну мен лайлы шөгінділер кедергі келтіруде. Бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын баяулатады.

Еске салсақ, Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кеткен еді. 26 шілдеде әуе кемесінің сынықтары Сорбұлақ көлінің акваториясынан табылған, алайда экипажды іздеу әлі де жалғасып жатыр.

评论