Нағыз ҚазТАГ. Көргені көп агенттік 105 жасқа толды

1418
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/knOS3wvQnsvPM7RrwfuxNq9LlYLgjWf0OLHQN3Th.webp

Осыдан 105 жыл бұрын РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» құрылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

1925 жылы агенттік аты «ҚазРОСТ» болып өзгертілді. 1937 жылы «ҚазТАГ»  деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. Арада 60 жыл өткенде, яғни, 1997 жылғы қыркүйектің 10-ында ҚР Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2002 жылғы қарашаның 8-інде ҚР Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылғы шілденің 3-інде агенттік ҚР Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. Ал 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елдегі алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады. 2020 жылы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ құрамына «ҚазКонтент» АҚ қосылып, қайта құрылды.

Агенттік ғасырдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет және қоғам тыныс-тіршілігі туралы сенімді әрі жедел ақпарат көзі ретінде беделін мүлтіксіз сақтап келеді.

评论
其他材料