Түркияда ту ілінген бағанада билеген турист түрмеге қамалуы мүмкін

984
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QMpjoC4my03qm7PC1yTBVWlNTT9KcYpe4TcglNCo.jpg

Түркияның Каппадокия аймағында ту ілінген бағанада би билеген турист қыз түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sabah газетіне сілтеме жасап.

Бейнекадрларда қыздың бағанаға шығып, акробатикалық қимылдар жасағаны көрінеді. Бұл әрекет елде орынсыз саналып, қоғамдық резонанс туғызған. Себебі би аймақтың маңызды нышандарының бірінде, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген жерде жасалған. Осыған байланысты түрік билігі шетелдік азаматтың құқыққа қайшы әрекеті үшін қылмыстық іс қозғаған.

«Ту – біздің абыройымыз, көзіміздің қарашығы. Ұлттық және рухани құндылықтарымызға мұндай құрметсіздік көрсетуше болмайды», – деген  әділет және даму партиясының депутаты Эмре Чалышкан. 

Турист қызға бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Оның есімі мен азаматтығы жарияланбады.

评论