PhotOlympic-2025. Қазақ фотографы төрт жүлде мен арнайы сыйлық иегері атанды

1678
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1zToJLAJ1dgB9cEl10eYRdWWGUXhavPQ8DRkriUi.webp

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform 

Kazinform ақпарат агенттігінің фотографы Мақсат Шағырбай э халықаралық PhotOlympic-2025 фотобайқауында топ жарып, екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген 96 қатысушының арасынан арнайы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды “Адырна” Kazinform агенттігіне сілтеп.

Айта кетейік, бұл байқау екінші рет өткізіліп отыр.

Алғашқы PhotOlympic байқауы Сербияның Нови-Сад қаласында өтті, ал биыл байқауды Ресейдің мәдени астанасы — Санкт-Петербург қаласы қабылдады. Мұнда әлемнің әр түкпірінен ең үздік фотографтар жиналды.

Фотобайқауға 96 талантты фотограф қатысты, ал оның басты ерекшелігі — басқа байқаулардан мүлде өзгеше ерекше әрі бірегей шарттар болды.

Әр қатысушыға 24 сағат ішінде 24 түрлі тақырыпқа арналған тапсырманы орындау ұсынылды.

Әр тақырыпқа сай бір фотосурет түсіріп, оны қатаң белгіленген уақытта қазылар алқасына өткізу керек болды.

Қазылар алқасы жұмыстарды балдық жүйемен бағалап, әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтап, марапаттар табыстады.

评论