Иорданның ордені. Қазақстан Президенті марапатталды

1803
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/i7QCoxAxePbG7mxymI849J7fsq6bfakAp1kleu0z.jpg

Иордания королі ІІ Абдалла Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит корольдігінің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Әл-Нахда» орденімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Король Тоқаевтың Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл марапатты зор құрметпен қабылдай отырып, ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және иордан халқына алғысын білдірді.

«Сізді аса көрнекті мемлекет қайраткері әрі көшбасшы ретінде бағалаймын. Бұл марапат Қазақстан мен Иордания арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың символы. Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы серіктестікті одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екі ел арасындағы конструктивті диалог пен тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта да кеңейе түсіп, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа ықпал ететініне сенім білдірді.

评论
其他材料