Әскерде мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан Түркияға жіберілді

877
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NwQ428hbSNF2DWFtoRTbOZSoiTYyuJPDAYKdEByL.jpg

Әскерде мүгедек болып қалған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар арнайы ұшақпен Стамбулға емделуге жөнелтілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шетелге жіберу туралы шешімді арнайы комиссия қабылдаған. Түркияда Ербаянға нейромодуляторлық терапия және қолдаушы емдеу курсы жүргізіледі.

«Ербаян бұған дейін Алматы мен Астананың ауруханаларында емделген, сондай-ақ 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы қаңтарға дейін Түркияда болған. Қайтып келгеннен кейін Қазақстандағы дәрігерлердің бақылауында болған», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.

Түркияға жеткізу ІІМ дәрігерлерінің бақылауымен жүргізілді, науқастың жағдайы тұрақты. Ол трахеостома арқылы дем алады.

Ербаян 2023 жылдың соңында әскерде бас миына зақым келгеннен кейін комаға түскен. Отбасы оның соққыға жығылғанын айтады, ал әскери бөлім оны тұрмыстық оқиға деп атаған. 

评论