Сарайшықтан көне қыш бұйымдар табылды

1811
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QRwCFwqZv29h55fupxwH65V7NzscdS7lUHR0JhLa.jpg

Сарайшықтағы №2 қазбада ортағасырлық көшенің бойында орналасқан тұрғын жай бөлмесінен ерекше олжа табылды. Археологтар еденге қазылып орнатылған екі қыш қазанды анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Сарайшық музей-қорығының мәліметінше, ішкі интерьері классикалық түрде жасалған бөлменің көлемі 4,2х3,2 метрді құрайды. Суфа ішіне тандыр пеш салынып, «жылы еден» жүйесіне ұқсас кан жүйелері жүргізілген.

Зерттеушілердің болжамынша, қыш қазандар тағам сақтауға пайдаланылған. Қазба барысында бұл бөлмеден қазандардан бөлек бүтін сақталған бірнеше қыш ыдыс та табылған.

Айта кетейік,  №2 қазбаға археолог Айбек Тұрарұлы жетекшілік еткен.

评论