Мажарстанда қабір қазудан халықаралық чемпионат өтті

1735
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0Kq4BGExY1h3s24aP9bfLMQvO8ApJKPoLVCQvYgJ.jpg

Мажарстанда ерекше жарыс өтті. Сексард қаласында қабір қазудан халықаралық чемпионат ұйымдастырылды. Бұл туралы Shot басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Шараның ұйымдастырушысы – Мажарстанның қабір қазушылар қауымдастығы. Олардың айтуынша, мұндай жарыстарда ешқандай қорқынышты немесе оғаш дүние жоқ. Керісінше, бұл кәсібінің маңыздылығын көрсетіп, тіпті жастарды зираттағы жұмысқа тартуға көмектеседі.

«Бұл – ауыр еңбек, күш пен шеберлікті талап етеді. Мұндай турнирлер біздің жұмысқа деген құрметті қайтарады», – дейді қатысушылар.

Чемпионаттың шарты бір қарағанда қарапайым: белгілі бір өлшемдегі ор қазу. Жеңіс тек күш-жігерге байланысты емес. Мұнда бәрі маңызды – дұрыс стратегия, үйлесімді әрекет және сапа, барынша жылдам жұмыс істей білу. Командалар көрермендердің көз алдында бақ сынап, жанкүйерлер өз фавориттерін ашық қолдап отырады.

Айта кетейік, осындай жарыстар бұған дейін Ресейде де өткен.

评论