Алматы әлемдегі ең лас қалалардың қатарына кірді

1547
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1701We4VPjODYSnLmOJrbR9kB1jDwr1IEboMxaCy.webp

Алматы ауасы әлем бойынша ең лас қалалардың үштігіне енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы IQAir деректері ұсынды.

Халықаралық экологиялық платформа бүгін Алматыдағы ауаны «осал топтағы тұрғындар үшін зиянды» деп бағалады. Лас қалалардың рейтингінде бірінші орынды Индонезия астанасы Джакарта иеленсе, екінші орында – Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншаса.

Мәліметке сәйкес, Алматыда диаметрі 2,5 микрометрге дейінгі ұсақ дисперсті қатты бөлшектердің (PM2.5) мөлшері бір текше метр ауада 47,3 микрограмға жеткен. Бұл көрсеткіш адам шашынан 30 есе жіңішке бөлшектердің шекті нормадан бірнеше есе жоғары екенін білдіреді. Мұндай ауа сапасы әсіресе астмасы бар адамдарға, аллергиясы бар тұрғындарға, жүкті әйелдерге және өкпесі әлсіз жандарға қауіпті.

Айта кетейік, Алматы маңындағы қоқыс полигоны өртенгені туралы хабарлаған едік.

评论
其他材料