Жер ресурстарын басқару департаменті Назарбаевтар әулетін сотқа берді

1224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/53MGM42ieRNRSziMHfZG8D9Ms3tsYIUFM5zXNAPI.webp

Ақмола облысында Жер ресурстарын басқару департаментінің Бурабай курортындағы беделді жер телімдері үшін соттасып жатқаны айтылды. Олардың арасында Назарбаевтар әулетіне тиесілі жерлер де бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ аген тігіне сілтеме жасап.

Қаңтар айында департамент «КИК-Астана» ЖШС-іне және марқұм Болат Назарбаевқа, сонымен қатар оның балалары Нұрбол, Ханбол, Хантөре және Альбина Назарбаевтарға қатысты талап арыз түсірген.

Алайда сәуірде талап арыз кері қайтарылып, одан кейін компания мен Назарбаевтарға қатысты шағымдар берілмеген.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Ақмола облысының прокуратурасы 2012 жылы облыстың сол кездегі әкімі, қазіргі таңда тергеуде жүрген Қайрат Қожамжаров қабылдаған қаулыға қарсы облыс әкімдігіне наразылық енгізген. Ол қаулыда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне (МҰТП) тиесілі жерлерді алып, оларды Щучинск қаласына қосу қарастырылған еді.

Прокуратура наразылығы қанағаттандырылып, қаулының күші жойылғаннан кейін департамент жерлерді беру және сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану үшін сотқа талап арыздар бере бастаған.

评论
其他材料