Алматы қаласының Бостандық ауданында электромобильден ақау шығып, өртенуге шақ қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Өрт белгілері шыққан оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бірнеше тобы жеткен. Алғашқы тексеріс нәтижесінде Zeekr маркалы электрокардың аккумулятор бөлігінде түтін пайда болғаны анықталды.
Құтқарушылар аккумулятор отсегін салқындату және өрттің алдын алу шараларын жедел жүргізді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрттің шығу себебі анықталуда.
Мамандардың айтуынша, электрокардың аккумуляторлық жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, көлікті толық салқындап, температура тұрақтанғанша орнынан жылжытуға болмайды.