Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшті

1217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tJTrtQZLlfrzBpP7Uhdpf4kt9pxm8eddkKWQVIQN.webp

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қуанышты жаңалықты отбасының адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол Қаржаубай отбасына қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтты.

«Әуелі Алланың, одан кейін Асқар мен Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің бақылауы мен халықтың бірлігі мен дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын», — деп жазды адвокат.

Айта кетейік, бұған дейін адвокаты Қаржаубай Нұрымовтың отбасы қазан айында жаңа үйге көшетінін хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, Талғарда болған қайғылы оқиға орнаған көшеге Шерзат Полаттың есімін беру туралы ұсыныс та айтылған еді.

评论