Трамптың сөзі жайлы дау-дамайдан соң.  BBC басшылары отставкаға кететінін мәлімдеді

1101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZcS8f9g5RKAcBv7EqtT02z5h85g5SpRAB5FW6gKu.jpg

Ұлыбританияның Британдық хабар тарату корпорациясының (BBC) бас атқарушы директоры Тим Дэйви мен BBC News жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Дебора Тернесс АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзін бұрмалауға қатысты айыптаулардан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тим Дэйви өзінің қызметінен кету туралы хатында қателіктер жіберілгенін мойындады.

«BBC мінсіз емес, біз әрқашан ашықтық пен айқындық қағидатын ұстануымыз керек. Бұл — менің шешімімнің жалғыз себебі емес, бірақ BBC News төңірегіндегі қазіргі талқылаулар оған әсер етті. Жалпы корпорация жақсы жұмыс істеп келеді, алайда кейбір қателіктерге жол берілді. Бас директор ретінде мен осы үшін толық жауапкершілікті өз мойныма алуым керек»,–деді ол.

Өз кезегінде Дебора Тернесс BBC беделіне нұқсан келтіре бастағанын жеткізді.

«Президент Трампқа арналған Panorama бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамай мен ерекше құрметтейтін ұйымға нұқсан келтіретін деңгейге жетті. Иә, қателік болды, бірақ BBC News ұйым ретінде біржақтылық танытты деген айыптаулар шындыққа жанаспайды»,–деп толықтырды ол.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Truth Social-да BBC бас директорының отставкасына қатысты пікір білдірді.

«Барлығы отставкаға кетіп жатыр немесе жұмыстан қуылды, себебі олар менің 6 қаңтардағы тамаша сөзімді бұрмалағандары үшін ұсталды. Бұл — президенттік сайлауға араласуға тырысқан өте адал емес адамдар. Оған қоса, олар – көпшілік біздің №1 одақтасымыз деп санайтын елдің өкілдері. Қандай қорқынышты жағдай! Бұл – демократия үшін нағыз сорақылық»– деп жазды Трамп.

Айта кетейік, Тим Дэйви BBC бас директоры қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен беріатқарып келеді. Бұған дейін ол жеті жыл бойы корпорацияның коммерциялық тармағы — BBC Studios-ты басқарған. Жалпы оның BBC-дегі еңбек өтілі 20 жылды құрайды. Ал Дебора Тернесс 2022 жылдан бастап BBC News жетекшісі қызметін атқарған. Ол 40-тан астам тілде хабар тарататын және әлем бойынша 500 миллионнан астам көрермені бар жаңалықтар қызметінің 5 мыңнан астам қызметкерін басқарған.

 

评论