Ғарыштан Қытайға қайта алмай қалған ғарышкерлер жағдайын айтты

1811
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4HNpLwLUlAP4aBaPbYZf4lHsEAElv6V5yEoMPdXo.jpg

Ғарыштан Қытайға қайта алмай қалған ғарышкерлер – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзенің жағдайы қалыпты. Бұл туралы Associated Press агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қараша айының басында жарты жыл бойы ғарышта болған үш қытайлық ғарышкер «Шэньчжоу-20» кемесіндегі капсуладағы ақауға байланысты Жерге қайта орала алмай отырғаны белгілі болған еді.

Қытайдың пилоттық ғарыш бағдарламасы басқармасы олардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

«Шэньчжоу-20» экипажының жағдайы жақсы, олар әдеттегі режимде өмір сүріп, жұмыс істеуді жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Қазір ғарышкерлердің  «Тяньгун» ғарыш станциясында екені айтылды. Олар онда сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Экипаж ғылыми тәжірибелер жүргізіп, ашық ғарышқа шығу жұмыстарын атқаруда.

Ал 31 қазанда ұшырылған жаңа экипаж мүшелері қазірдің өзінде ғарыш зертханасына жеткен.

Ғарышкердердің Жерге қашан оралатыны әзірге белгісіз. Алғашқы жоспар бойынша қайтару операциясы 5 қарашада өтуі тиіс еді, алайда ол кейінге шегерілді.

评论