Әубәкіров "жайлы жердегі жастарды" әскерге шақырды

607
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DhfMh2gRQEfgkvVzNGdLdRfB3mDqteZFMuyU9ces.jpg

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әубәкіров Мәжіліс кулуарында әскердегі қауіпсіздікті күшейту бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, қазіргі таңда казармаларға бейнекамералар орнатылып жатыр.

«Соңғы уақытта  болған құқықбұзушылықтарға байланысты үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Соның бірі – казармаларды толық бейнебақылаумен қамту. Қазір бұл шара барлық жерде жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, психологтармен жұмыс күшейтілді», – деді вице-министр.

Әубәкіров әскерден қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

«Көпшілікке әскер қорқынышты болып көрінеді, жастар өздерінің жайлы жерінен шыққысы келмейді. Бірақ мен көптеген мысал келтіре аламын. Жас жігіт әскерге алғашында қорқып келеді, кейін үйреніп, тіпті ары қарай қызметін жалғастырады, әскери оқу орындарына түсіп, офицер атанып жатады. Осындай жақсы мысалдар өте көп», – деді ол.

评论