Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды

153
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DA7hOtHZrCPXSdC8KH0g1F7AIoAdckymIfemMgrS.webp

Иранда әйелдер құқығы мен репрессияға қарсы күресімен танымал құқық қорғаушы, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади тағы да қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BILD басылымына сілтеп.

Дереккөз мәліметінше, Мохаммади саяси тұтқындарды бірнеше рет қорғаған, жақында қайтыс болған адвокат әрі құқық қорғаушы Хосрова Аликордиді еске алу шарасы кезінде ұсталған. 

Осылайша Наргиз Мохаммади 14-рет қамауға алынуы. 2016 жылы ол өлім жазасына қарсы адам құқықтары қозғалысын басқарғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған. 2024 жылдың желтоқсанында аяғына жасалған операциядан кейін медициналық себептермен уақытша босатылғанымен, оның жазасы кейін бірнеше рет ұзартылған.

Үкіметтің қысымына қарамастан, Мохаммади наразылық акцияларына қатысуын жалғастырған. Ол бұған дейін өзі отырған Тегерандағы атышулы Эвин түрмесінің алдында да шеру өткізген. Эвин түрмесі азаптау, тұтқындарды ұзақ уақыт оқшау камерада ұстау және мыңдаған саяси тұтқынды негізсіз қамау жағдайларымен танымал.

BILD мәліметінше, Наргиз Мохаммади қамалған кезінде бірнеше рет инфаркт алған.

Айта кетейік, 31 жылға сотталған Наргиз Мохаммади 2023 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. Ол әйелдер құқығын қорғау және өлім жазасын жоюды жақтайтын белсенділердің бірі ретінде халықаралық деңгейде танылған.

评论
其他材料