Алматыда шыққан Қытай көлігі қазақша "сөйлей" бастады

249
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CK7TVLl0MTy57NXzHf93ik8NqBgDoixykqLTPTp1.webp

Алматы қаласында HAVAL маркасының жаңартылған H6 кроссовері таныстырылды. Модельдің басты ерекшелігі — мультимедиялық жүйенің толықтай қазақ тілінде жұмыс істеуі.

Кроссовердің ресми таныстырылымы 12 желтоқсанда өтті. Сол жиында Astana Motors құрамындағы Haval-дың Қазақстандағы ресми дистрибьюторы жаңартылған HAVAL H6 моделінің ел аумағында сатылымға шыққанын хабарлады.

Жаңа модель алғаш рет Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында құрастырылды. Өндірістің жергіліктендірілуі нәтижесінде көліктің мультимедиялық жүйесіне қазақ тіліндегі мәзір енгізіліп, интерфейс толықтай бейімделген. Жүргізуші көлік параметрлерін, навигацияны, қауіпсіздік жүйелерін және мультимедиа баптауларын қазақ тілінде басқара алады.

Компания өкілдерінің айтуынша, тілдік локализация жүргізушінің көлікпен өзара әрекетін жеңілдетіп, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Қазақ тіліндегі мәзір жүргізушінің назарын алаңдатпай, жүйені тез әрі түсінікті пайдалануға мүмкіндік береді.

HAVAL H6 — орташа көлемді кроссоверлер сегментінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие модель. Ол бірнеше жыл қатарынан C-SUV санатында ең көп сатылған көліктердің қатарында болып келеді. Жаңа нұсқа заманауи дизайн мен функционалдық шешімдерді біріктіреді.

Жаңартылған HAVAL H6 екі турбодвигательмен ұсынылады. 1,5 литрлік қозғалтқыштың қуаты — 184 ат күші, ал 2,0 литрлік нұсқасы 238 ат күшіне дейін жетеді. Көлік интеллектуалды толық жетек жүйесімен және алты түрлі жүргізу режимімен жабдықталған.

Кроссовердің қауіпсіздік деңгейі де күшейтілген. Кузовтың негізгі бөлігі жоғары берікті болаттан жасалған. Барлық жинақтамада алты қауіпсіздік жастығы бар. Сонымен қатар жүргізушіге көмектесетін ADAS L2 деңгейіндегі электронды жүйелер кешені ұсынылады.

HAVAL H6 бес орындық нұсқада шығарылады. Жүксалғыш көлемі 560 литрді құрайды. Жоғары жинақтамаларда панорамалық шатыр, проекциялық дисплей, орындықтарды жылыту және желдету функциялары қарастырылған.

评论