Әкімнің өз-өзіне қол салғаны айтылды

541
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/P71DCwyZtf2bKFa1yGNYFpL7DLMlMgl6fgwrNIF7.webp

Ақтөбе облысына қарасты Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. Бұл туралы orda.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шенеуніктің денесі 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйінен табылған. Марқұм 46 жаста болған.

Бейресми мәліметке сәйкес, сол күні ол достарымен кездескен. Қайғылы жағдайды аудандық әкімдік растады.

«Марқұмның денесі үйінен табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды», — деді Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.

Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қосымша ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Алға ауданында Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталин өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді.

评论