Желдібай кетіп, Смадияров келді. Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

418
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IY5OcbMAtdF7az6YPpZMBrka2O2kc0Hs5VJkHzoZ.jpg

Руслан Желдібай президент көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 29 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды»,-делінген хабарламада.

Енді бұл қызметті Айбек Смадияров атқарады. 2025 жылдың желтоқсанында ол Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.

评论