Руслан Желдібай президент көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 29 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды»,-делінген хабарламада.
Енді бұл қызметті Айбек Смадияров атқарады. 2025 жылдың желтоқсанында ол Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.
Ұқсас жаңалықтар