«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

227
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/53lahQqj6E4zvWz6APh5hXuvTUMoD2UzyZR4Pv5e.jpg

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы 26 қазанда футбол клубының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Клуб басшылығы оның шешімін қабылдап, өтінішін қанағаттандырды»,– делінген хабарламада.

Енді бас бапкер міндетін уақытша атқару Жора Арутюнян атқарады. Ол бұған дейін «Қайрат-Жастар» жастар командасымен жұмыс істеген.

Айта кетейік, Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырған еді.

2025 жылы оның жетекшілігімен «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Еске салайық, бұған дейін  «Ордабасы» футболының клубы мерзімінен бұрын Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанғанын жазған едік. «Қайрат» ҚПЛ маусымын екінші орынмен аяқтайды.

Пікірлер