Трамп Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты тоқтатқанын еске салды

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PdZX3M1OgoVJvZwkBLNMvffuatjiJifa1sTZ2v56.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық қақтығысты реттеуге үлес қосқанын тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report az-ға сілтеп.

Бұл туралы ол Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында айтты.

Ақ үй басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянға бейбітшілік орнатқаны үшін алғыс білдірді.

«Отыз жылға созылған күрес – біз оны толық шештік. Үлкен рақмет. Бұл ұлы іс болды», – деді Трамп.

Оның айтуынша, екі ел арасындағы 32 жылға созылған қақтығыс небәрі 24 сағат ішінде тоқтатылған. Сонымен қатар, ол өзінің делдалдығымен реттелген өзге де жанжалдардың басым бөлігі «шамамен екі күн ішінде» шешімін тапқанын атап өтті.

Трамп екі ел арасындағы келіссөздер барысын да еске алды.

«Кездесу менің кеңсемде басталғанда, олар үстелдің қарама-қарсы бетінде отырды. Мен жақынырақ отыруды ұсындым. Бір сағаттан кейін біз қатар отырдық, қол алыстық. Екі ел арасында бейбітшілік орнады. Бұл күнді ешқашан ұмытпаймын. Сіздер өздеріңізді мақтан тұта аласыздар. Тамаша нәтижеге қол жеткіздіңіздер», – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол Ильхам Әлиев пен Никол Пашинянды «жақсы адамдар әрі мықты көшбасшылар» деп атады.

相关新闻

评论
相关新闻