Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lgWMV76Yae2FLJ7aC5q3xl5eY4fTZ8QOHgEus7PA.webp

Қазақстанның бірінші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің екінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға қарсы келді.

Бұл қос спортшының өзара сегізінші кездесуі еді. Осыған дейін 7 матчтың төртеуінде Рыбакина жеңді. 

Бірінші партияда Елена айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте Пегула 4:2 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Ақыры тай-брейкте мерейі үстем болды – 7:6 (7:4).

Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Пегула 5 эйс, бір брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті қапы қалдырды – 6:2, 4:6, 6:4.

Қазіргі live-рейтинг бойынша Рыбакинаның еншісінде 7523 ұпай бар және ол екінші орында тұр. Ал рейтинг көшін 10415 ұпай жинаған беларусьтік теннисші Арина Соболенко бастап келеді.

评论