Шахтада бір жұмысшы қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Tz7pE7wYtTagkJ3D2VYPKtoSqTJZ2zAuEABAS196.webp

Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы уланғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 19 наурыз күні болған. Сағат 10:40 шамасында Орлов шахтасының диспетчеріне екі жұмысшының зиянды газдардан улану белгілерімен табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Медициналық көмек көрсетілген екінші жұмысшының қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Кәсіпорынның басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов кенішіне жолға шықты. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді, — делінген компания хабарында.

评论