Танымал америкалық актер Чак Норрис қайтыс болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YWlHUfFbonI1qqeKwwmEHw5oZ46eHK9ECPeKjMSi.jpg

Танымал америкалық актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы ресми хабарлама оның отбасының атынан әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Хабарламада актердің 19 наурыз күні таңертең қайтыс болғаны айтылды.

 «Жағдайдың мән-жайын құпия сақтағымыз келгенімен, оның отбасының ортасында, тыныш жағдайда болғанын біліңіздер. Ол әлем үшін жекпе-жек өнерінің шебері, актер және күштің символы болды. Ал біз үшін – адал жар, сүйікті әке мен ата, керемет аға және отбасының жүрегі еді. Ол өмірін сеніммен, мақсатпен және сүйікті адамдарына деген адалдықпен өткізді. Өз еңбегі, тәртібі және мейірімділігі арқылы ол әлемдегі миллиондаған адамдарға шабыт берді», – делінген хабарламада.

Отбасы бұл қиын кезеңде өздерін мазаламауды сұрады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары актердің Гавайиде ауруханаға түскені туралы хабарлаған еді.

评论
其他材料