Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау құжатының жобасы жасалды

2444
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/img-20181115-wa0045-1.jpg
Қазақстан-Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобалар пакетін қалыптастыру аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
«Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады. Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді», - делінген ведомство хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

评论
其他材料