Саябақтағы шабуылдан соң. Полиция қайыр тілегендерді тексеріп жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды рейдтік іс-шаралар басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қалалық полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер аймақтарында, саябақтарда, жол қиылыстарында және қоғамдық тамақтану орындарының маңында бақылау жұмыстарын күшейтті. Рейд барысында тұрғындар мен қала қонақтарына қолайсыздық тудыратын қайыршылық, қоғамдық тәртіпті бұзу және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге ерекше назар аударылуда.

Тексеру кезінде азаматтардың жеке басы анықталып, олардың Қазақстан аумағында заңды түрде болуы тексеріледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналарының жауапкершілігіне құқықтық баға беріледі.

评论