«Біз жеңдік!» Трамп Исламабадтағы келіссөз туралы пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон үшін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің нақты нәтижесі аса маңызды емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

"Маған келісім жасала ма, жоқ па – бәрібір. Біз жеңдік!" – деді Трамп журналистерге.

Сондай-ақ АҚШ Ираннан әскери және стратегиялық тұрғыда басым түскенін айтып, "елдің әскери құрылымдарына айтарлықтай соққы жасалғанын" мәлімдеді.

Трамптың сөзінше, қазіргі уақытта Ормуз бұғазы арқылы еркін қатынасты қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр, әрі бұл қадам АҚШ-тың одақтастарының мүддесі үшін де жасалып отыр.

"НАТО бізге көмектескен жоқ", – деп қосты ол.

Сонымен қатар Исламабадтағы АҚШ пен Иран делегацияларының тікелей келіссөзі шамамен 8 сағатқа созылғаны хабарланды. 

Тараптар диалогты жалғастырып жатыр, алайда әзірге ресми қорытынды жарияланған жоқ.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料