Түркиядағы мектепте тағы да атыс болды. 9 адам қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CGZvWXDjsk0XE5Gk5IDS6HmlV13qvJsanKo062RM.webp

Түркияның Қаһраманмараш қаласындағы орта мектептердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Yeniçağ Gazetesi-ге сілтеме жасап.

Оқиға Оникишубат ауданында болған. Мәліметке сәйкес, 8-сынып оқушысы мектепке тапанша алып келіп, екі сыныпқа оқ атқан. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияның көптеген бригадасы жіберіліп, оқу орнының аумағы қоршауға алынған.

Түркияның ішкі істер министрі Мустафа Чифтчи сегіз оқушы мен бір мұғалімнің көз жұмғанын мәлімдеді. Айтуынша, зардап шеккен 13 адам ауруханаларда жатыр. Олардың алтауы жансақтау бөлімінде, үшеуінің жағдайы ауыр.

Сондай-ақ мектепке шабуыл жасаған 8-сынып оқушысы екені, оның өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын Түркияның шығысындағы Сиверек қаласында мектепке қарулы шабуыл жасалған. Күдікті — 18 жастағы жігіт. Атыс салдарынан 16 адам жарақат алған.

评论
其他材料