Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ президенті Дональд Трампқа Ирандағы атысты тоқтату режимін ұзартуға келісім бергені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Фельдмаршал Асим Мунир екеуміздің атымыздан президент Трампқа дипломатиялық күш-жігер жалғасуы үшін бітімді ұзарту туралы өтінішімізді қабыл алғаны үшін шынайы алғысымды білдіремін», — деді ол желідегі парақшасында.
Шарифтің айтуынша, Пәкістан қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үшін белсенді күш салуды жалғастырады. Ол сондай-ақ тараптардың бітімді сақтап, жан-жақты бейбіт келісімге келе алатынына үміт білдірді.
Бұған дейін екінші раундтағы келіссөздер бүгін Исламабад қаласында өтуі тиіс болғаны хабарланған, алайда Иран тарапының ұстанымына байланысты кездесу белгісіз мерзімге кейінге шегерілген.
