1918 жылы ағылшын тіліне аударылған Алаш қайраткерлерінің қолжазбасы табылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TZMlMVPMrcg9JDRH1pcQjoXRQnn5iS4Uf3jin5VH.jpg

Тарихшы, аудармашы, жас ғалым Өмірбек Қанай 1918 жылы қолжазба күйінде ағылшын тіліне бетпе-бет аударылған Алаш ардагерлерінің таңдамалы шығармалар жинағын тапқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Ғалымның айтуынша, бұл – қазақ әдебиетінің Еуропаға жеткен ең алғашқы нұсқаларының бірі.

Аталған жинаққа Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Спандияр Көбеев және өзге де Алаш зиялыларының шығармалары енгізілген. Қолжазба сол кезеңде ағылшын тіліне тікелей аударылып, Еуропа оқырманына ұсынылуға дайындалған.

Өмірбек Қанайдың сөзінше, сирек мұра өткен күзде Германияға жасаған іссапары барысында табылған. Ғалым құжаттың электронды көшірмесін жасап, елге алып келген.

"Өткен күзде Германияға барған іссапарымда іздеп тауып, электронды көшірмесін өз қолыммен жасап, алып келген едім. Алдағы уақытта ел игілігіне ұсынамыз", - деді тарихшы.

Қазіргі уақытта тарихи еңбекті ғылыми тұрғыда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. 

评论