Бүгін, 29 сәуірде «Махаббат серті» атты медиажобаның трейлері жарық көрді. Бұл – танымал «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» эпосының жасанды интеллект көмегімен жасалған жаңа интерпретациясы, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Төрт бөлімнен тұратын жоба «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының қолдауымен жүзеге асқан.
«Бұған дейін біз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” спектаклін қолдадық, ал қазір осы оқиғаның технологиялық жаңа форматта жалғасып жатқанын көріп отырмыз. Баян Сұлу туралы аңыз – тек біздің фабриканың атауы ғана емес, ол өзімізді сәйкестендіретін мәдени кодтың бір бөлігі. ЖИ-сериал бұл эпосты жаңа қырынан танытады. Сондай-ақ оны жас аудиторияға жақындата отырып, түпнұсқаның тереңдігі мен құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. Біз мұндай жобалар дәстүр мен заманауи үрдісті қарсы қоймай, керісінше, біріктіріп, ұлттық мұраны өзекті етеді деп сенеміз», – дейді «Баян Сұлу» АҚ президенті Тимур Садыков.
«Махаббат серті» – тыйым салу, сатқындық және қайғылы аяқталумен бетпе-бет келген екі ғашықтың хикаясы. Жоба кәсіби қазақ тіліндегі дыбыстаумен және орыс және ағылшын тілдеріндегі субтитрлермен ұсынылған. Сонымен қатар компания сериалды қазақ тіліне дыбыстауға кәсіби дубляж актерлері тартылғанын атап өтті.
