Президент Тоқаев Ресей министірін қабылдады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LFOXahqofbZfwmf8G9hbHT49qsS95qXMciaKO2Cn.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің СІМ Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту қажет екенін жеткізді.

Тараптар Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық мәселелерін талқылады. Президент бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібіндегі басты оқиға ретінде бағалап, оның одақтастық қатынастарды нығайтудағы рөліне сенім білдірді.

Өз кезегінде Сергей Лавров Ресей Президентінің сапарына дайындық барысы туралы баяндап, Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанын айтты.

Кездесу соңында тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

评论