Қазақстандағы сөз бостандығының деңгейі төмендеген

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LyWzBnoUYKbvwjnIYiF5ipqWgWhCYJpVC3Y6EnBk.webp

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымы Қазақстандағы сөз бостандығы деңгейін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

2026 жылғы баспасөз бостандығы индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 149-орынға тұрақтады. Елдің жалпы көрсеткіші – 34,41 ұпай.

Ұйым дерегінше, Қазақстан бір жыл ішінде сегіз сатыға төмендеген. 2025 жылы республика 141-орында болған еді.

Ұйым есебінде онлайн-жаңалықтардың сапасы біршама жақсарғанымен, медиаға қысымның жаңа формалары байқалатыны атап өтілген. Атап айтқанда, тәуелсіз ақпарат құралдары үшін негізгі алаң саналатын интернет кеңістігіне бақылау күшейіп келе жатқаны айтылған.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көршілерінен алда тұр. Қырғызстан 146-орында, Өзбекстан 147-орында, ал Тәжікстан 155-орынға жайғасқан.

Рейтингтің ең соңғы орындарында Вьетнам, Ауғанстан, Сауд Арабиясы, Иран, Қытай, Солтүстік Корея және Эритрея бар.

评论