Астанадағы ІТ-маман демалысын кәсіпке айналдырған

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GxUDCR1fK3qnht1yboYzOS2uDPQDHKJJdqXavowS.jpg

Астанада тұратын ІТ саласының маманы Зарина Әсенова ішкі туризмді дамытып жүр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Digitalbusinesskazakhstan-ға сілтеп.

Зарина Әсенова Семей қаласында дүниеге келген. 2001 жылы ол Астанадағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына «математик-бағдарламашы» мамандығы бойынша оқуға түседі. Қазір квазимемлекеттік секторда ІТ саласында жұмыс істейді.

Пандемия кезінде ол ішкі туризмге қызығып, табиғат аясында демалудың жаңа түрін іздей бастайды. Сол кезде атқа міну хоббиі пайда болып, кейін бұл қызығушылық үлкен жобаға ұласады. Осылайша Әсенова серіктесімен бірге Uly Dala Style атты ат клубын іске қосады.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаға шамамен 90 миллион теңге инвестиция салынған. Дегенмен ат спортына байланысты жем-шөп, күтім, инфрақұрылым шығындары бизнестің тез табысқа шығуына мүмкіндік бермей отыр.

Ал Зарина Әсенова бұл жоба жай ғана бизнес еместігін айтады. Ол жануарларға деген ерекше қамқорлық пен дала мәдениетін насихаттауды басты мақсат деп санаған. Қазір оның негізгі мақсаты — клубты кем дегенде өзін-өзі ақтайтын деңгейге жеткізу.

评论