Еуроодақ барлауы – Кремльде қауіп күшейіп, Путиннің күзеті қатаңдатылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Еуроодаққа мүше елдердің бірінің барлау есебінде Кремльде Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ықтимал қастандық қаупіне байланысты алаңдаушылық артқаны айтылған. Құжатпен CNN, Financial Times және Важные истории журналистері танысқан, деп хабарлайды "Адырна". 

Есепте шабуыл дрондар (БПЛА) арқылы жасалуы мүмкін деген болжам да келтіріледі. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Федералдық күзет қызметі президент әкімшілігіндегі тексерістерді қатаңдатып, мемлекет басшысының қозғалысын шектеген. Мәліметке сәйкес, Путин қорғалған нысандардан жұмыс істеу режиміне көшкен және Мәскеу облысы мен Валдайдағы резиденцияларына баруды тоқтатқан.

Президентке тікелей қолжетімділігі бар қызметкерлерге де қосымша шектеулер енгізілген. Оларға қарапайым телефондарды және қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынған. Сонымен қатар аспаздар, фотографтар мен күзет қызметкерлерінің үйлеріне бақылау жүйелері орнатылғаны хабарланады.

Есепте Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу «тұрақсыздықтың ықтимал факторы» ретінде аталады. 2026 жылдың наурызында оның бұрынғы бірінші орынбасары Руслан Цаликовтың қамауға алынуы «элитаның бейресми қауіпсіздік кепілдіктерін әлсіретті» деп бағаланған.

Құжатта ел ішіндегі шиеленіс қаупінің де артқаны да атап өтіледі. Күштік құрылымдар арасында өзара айыптаулар көбейіп, украин арнайы қызметтерінің шабуылдарынан қорғанудағы сәтсіздіктерге байланысты ішкі қайшылықтар күшейгені көрсетілген.

评论