Биші Дана Мұса Лондон көрерменін тамсандырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6HIrcCDE5TGhvkKiOaET1hVO5iMuASfP1LyvVzkL.png

TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында 29 сәуір күні ерекше өнер кеші өтті. Париждегі  “Tengri dance”  би мектебінің  негізін қалаушы хореограф, балерина Дана Мұса Англиядағы танымал October Gallery заманауи өнер орталығының сахнасына фильм мен қойылымнан тұратын “Tengri woman” арт-жобасын  әкелді.

Алғашында этнобалет деген атаумен танылып, қазір tengri dance деп ребрендинг жасалған би стилінің авторы Данакәсіби хореограф қана емес, сондай фильм түсіру, кітап жазумен де айналысатын шығармашыл жан. Ол ойлап тапқан балеттегі тың би бағытының басты айырмашылығы сол, би арқылы өзін-өзі тану практикасын да ұсынады. Яғни, классикалық балет пен этно-ритуалдық бидің қосындысы. Онда балет техникасына  әйел образының жеті архетипі арқылы рухани-эмоциялық астар қосылып, өзінше «байытылады». Әйел энергиясымен, әйел образымен жұмыс кейде перформанс, кейде фильм, ал кейде арт-жобалармен көрініс табады.


TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

Сонымен, кеш басталар сәтке дейін October Gallery-дің сахналық залында 80-90 адамға орындық қойылған екен, сол жер көрерменге лық толды. Алғашқы сөзді осы орталықтың директоры Стефани Абадиан-Кроун ханым алып, өнер сүйер қауымға кештің мақсаты мен мазмұны туралы аз-кем сөз айтып, ыстық ықыласын білдірді. Сосын бағдарламаға сай, фильм басталды.


 Маңғыстаудың қасиетті  өлкесінде, қыраттары мен жоталарында түсірілген «Киелі би» фильмі. Алдымен “Аңшы” (“Мен табамын”) образы, сосын “Шабандоз” (“Мен қозғалыспын”), “Жауынгер” (“Мен қорғаймын”), “Бақсы,” (“Мен сеземін”) “Абыз” (“Мен түсінемін”), “Патшайым” (“Мен өз тұғырымдамын”) ...ал ең соңында барлық игілік пен мейірімнің, қабылдау мен сабырлықтың қайнар көзі, сонау Ұмай ананың, Домалақ ананың бейнесіндей болған “Құдай ана” образы (“Мен шексіз кеңістікпін”) экранизацияланған.

 

TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

Мыңжылдықтар қойнауына жол тартатын өз елінің төл тарихына  қатты қызығатын Дана Мұса осы бір ерекше стильді терең таным мен кәсіби би білімі арқылы қорытып шығарып, Париждегі кәсіби продюсер операторларды ертіп барып, оны туған жерінде ерекше фильм етіп шығарған. “Кieli bi” фильмі Лиссабон, Канн, Нью-Йоркте өткен бірнеше халықаралық кинофестивальге  қатысқан ерекше туынды.

Фильм бітті. Көрермен әсерінен шыға алмай отырғанда, ырғақты әуен қойылды да,  Дана залға кіріп келіп, қойылым-биін бастап кетті. 

 

TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

Бір ғажайып күй сезілді: жаңа ғана экранның арғы бетінде билеп жатқан Дана иммерсивті түрде көрермен алдынатіріліпшыға келгендей болды. Фильм жалғасып жатқандай, бірақ экранның бергі жағында. Жеті архетип фильмде көрсетілгендей жеті бөлек-бөлек образда емес, енді біртұтас образдың ішіндегі өзара байланысқан бөлшектерге айналып сала берді. Жаңа ғана көрсетілген фильм  әр көрерменді нағыз осы қойылымның байыбына баруға дайындаған пре-продакшн болды ма дерсің.  Ерекше түсінік, терең пайым, рухты қуат санаға өздігінен құйылып жатқандай.


TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

 Алғашқы архетиптермен бірге әйел образы әрекет, қозғалыс, іздеу арқылы ашылса, бақсы мен абыз сомдалған орта бөлігінде рухани тереңдікке қол созу байқалады. Ал ең соңғы бейне тұтастық, қабылдау, мейірім әсеріне бөленуге жол ашады. Бұл кездейсоқ реттілік емес, ол әр әйел баласының әрекетсанакүй атты ішкі эволюция жолы деуге болады.

 Би қойылымы да бітті. Қошемет. Ду қол шапалақ. Залдағы көрерменнің ықыласы ерекше болды. Қазағы бар, ағылшыны бар, италияны бар, французы бар… Барлығының көзі жанып тұр. Әсерсіз қалғаны аз-ау.


TENGRI WOMAN by Dana Mussa at October Gallery, 2026. Image courtesy of October Gallery, London. 

Кештің үшінші бөлімі сұрақ-жауапқа арналды. Данаға сұрағын қоюшылар да көп болды, жай ғана өз әсерімен бөлісіп, алғысын айтқысы келген жандар да табылды. Мәселен, Лондондағы қазақ қауымдастығының  өкілі Шолпан  ханым: “Бұл өте күшті қойылым болды. Мен негізі өзімді осы бір рухты кезеңнің өкілі деп санаймын. Менің ойымша, Дананың би арқылы, қозғалыс арқылы айтып жатқан идеясы өте феноменалды. Бәрі өте әдемі және зор қуатты болды”, деді. Сондай-ақ  ол перформанс кезіндегі қимылдарды көріп отырып, түрлі әсерді сезінгенін, тіпті кей тұстарда зорлық-зомбылыққа ұшыраған қазақ әйелдерінің тағдыры көз алдына келгенін айтты.

Лондондағы «Dance union» би компаниясының директоры Карен ханым да Дананың қойылымына өзінің жылы лебізін білдірді. Бұл фильм мен қойылымдағы идея тек әйелдің өзін тануына емес, ер азаматтардың танымы үшін де пайдалы боларын айтты. Ал Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің мәдениет саласына жауапты өкілі Диляра ханым өнер кешінің ойдағыдай өткенімен құттықтап, өнерпазға гүл шоғын сыйлады. Сөз соңында Дананың анасы, сексен жастағы Сара апа да сөз алып, келген әр көрерменге зор ризашылығын білдірді.

 Стефани Абадиан-Кроун, “October Gallery” заманауи өнер галереясының директоры: “Бұл жобаны біздің орталықта өткізгенімізге ризамыз. Шығармашылық байланысты одан әрі дамытсақ деген ниетіміз бар. Келесі жылы Дананың бұдан бсқа даБақсыфильмі, Маңғыстауда түсірілген арнайы фотосессиясының негізінде үлкен бір арт-жоба дайындасақ деп ниеттеніп отырмыз”.

 

Дана Мұса: “Мен бүгін өте бақыттымын. Негізі, Лондонға бұған дейін де осы тәрізді өнер жобаларыммен келген едім. Мәселен, он шақты жыл бұрын TedX алаңында этнобалет туралы баяндама жасап, шеберлік дәрісін өткенмін. Ал бұл жолы “Киелі би” фильмін өз қойылымыммен бірге ұсынғаныма қуаныштымын. Киноны адамдар қалай қабылдайды екен деп аздап қобалжыдым десем болады. Әсіресе Лондон қазақтарына қалай әсер етер екен, түпкі идеясын түсінер ме екен деп аздап алаңдағаным рас. Өкінішке қарай, тарихты дұрыс білмейтін кей азаматтарымыз “тәңір” сөзін естігенде, қабылдағысы келмей, сынап жататынына өз басым куә болып жүрмін. Бірақ ол біздің мақтан етер өркениетті, рухты тарихымыз ғой?.. Бүгін қазақ қауымдастығының беделді өкілдері сөз алып, өз ықыласын білдіргенде, жүрегіме  өте жылы тиді.  Жалпы, сол сәттегі көңіл-күй мен келген аудиторияның энергетикасына байланысты би қойылымының кей элементтері өзім де білмейтін импровизациялық өзгеріске түсіп жатады, ол – қалыпты жайт. Бүгін көрерменмен терең байланыс болды деп айта аламын”.


 Лондон Дананың өнеріне бас иді. Өте жылы қабылдады. Мәнін түсінді. Қошеметін аямады. Құрметін білдірді. Қазақтың өнерлі қызын тағы күтетінін айтты.

Айта кетерлік бір жайт, 1979 жылы құрылған October Gallery – Лондондағы беделді заманауи өнер орталығы. Ол осы уақытқа дейін Африка, Австралия, Азия, Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа  аймағынан 65 елдің өнер майталмандарының шығармашылығын танытуға үлес қосқан.


 

Алма Сайлауқызы

журналист

Ұлыбритания, Лондон

Фото авторлары: Алма Сайлауқызы және October Gallery, London. 

评论
其他材料