Қайын жұртындағы 4 жанды өлтірді деп айыпталған адамның соты басталды

229
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TLBvmrzq3sa66yfXzOl6KcHTIUdXgATz87h7p3pQ.jpg

Атырау қаласында төрт адамның өліміне қатысты резонанстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев Қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр. Сонымен қатар «ұрлық» және «алаяқтық» фактілері бойынша қосымша істер тіркелген.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы тергеу нұсқасын жария етті. Тергеу мәліметінше, оқиға күні Сұлтан Сәрсемәлиев азық-түлік сатып алып, үйіне келген. Сол сәтте үйде оның жұбайы Ақбаян, кәмелетке толмаған баласы және әйелінің әпкесі Мейрамгүл Қарабалина болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, тұрмыстық жағдай мен азық-түліктің жоқтығына байланысты жанжал туындаған. Кейін жанжал ушығып, күдікті Мейрамгүл Қарабалинаны пышақпен жарақаттаған.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмған. Бұдан кейін күдікті мәйіт пен қылмыс іздерін жасыруға әрекет жасаған.

Іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

评论