Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы жаңа елшісі болып тағайындалды

117
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/j6anwuZwWQkNBpDmf7Dfu22Rd0EDe1DDnNGRLK0Q.jpg

Қазақ қызы Әсел Робертс Словениядағы АҚШ-тың жаңа елшісі атанды. Оның кандидатурасын АҚШ Сенаты ресми түрде бекітті, деп хабарлайды “Адырна”.

АҚШ Сенатының ресми дерегіне сәйкес, тағайындауды 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы шықты. Бұған дейін Әсел Робертстің кандидатурасын Дональд Трамп ұсынған болатын. Ол наурыз айында Сенаттың тиісті комитетінде әңгімелесуден өткен еді.

Әсел Робертс Жамбыл облысында дүниеге келген, ал балалық шағы мен мектеп жылдары Алматыда өткен. Кейін ол отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.

Әсел Америкада мектеп бітіргеннен кейін, Джорджтаун университетінің халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Студент кезінде Ақ үйде тағылымдамадан өтіп, кейін АҚШ мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек жолын бастаған.

1990 жылдардың соңынан бері Робертс АҚШ президентінің протокол департаментінде жұмыс істеген. Ол Ақ үйдегі қызметін Барак Обама әкімшілігі кезінде бастап, кейін Джо Байден тұсында да мансабын жалғастырған.

Әр жылдары Әсел америкалық мемлекеттік протокол жүйесінде жоғары лауазымдарды атқарды. 2021 жылы АҚШ мемлекеттік протокол қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болды.

Айта кетсек, Қазақстанның Словениядағы елшісі – тәжірибелі дипломат Алтай Әбибуллаев.

Бұл қызметке оны Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың күзінде тағайындаған. Ол 30 жылға жуық еңбек жолында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде, Польша, Аустрия және Хорватиядағы елшіліктерде жұмыс істеген, сондай-ақ Венадағы ЕҚЫҰ жанында Қазақстанның өкілі болған.

Қоғамда бұл жағдай еліміздің тарихындағы алғашқы ерекше оқиға ретінде талқыланып жатыр. Еуропаның бір қаласында екі қазақ елшісі екі түрлі мемлекеттің атынан қызмет атқаруда. Көпшілік мұны халықаралық дипломатиядағы ерекше сәт деп бағалап отыр. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

相关新闻

评论
相关新闻