Сот Жақсылық Омарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

251
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EOg3ZdnzhLxA0We6sleQmyiqaISUWZvWv8JABQv8.jpg

Өскемендегі қылмыстық іс бойынша ауданаралық сотта экс-әкім Жақсылық Омардың аппеляциясы қаралды. Сот коллегиясы 2026 жылдың үшінші сәуірінде шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Адырна".

«Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс саралаған деген қорытындыға келді. Жазаның түрі мен мөлшері заң талаптарына сәйкес, жасалған ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысының қоғамдық қауіптілігінің жоғары деңгейін, сондай-ақ оның мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіріп, қоғамның оған деген сеніміне селкеу түсіретінін ескере отырып тағайындалды. (…) Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», – деп қаулы етті судья Сәуле Бекішева.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алаяқтық жасады және пара алды деген айыппен алты жылға сотталған болатын. Алайда12 мамырда ол үкіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған.

评论
其他材料