АҚШ президентінің денсаулығы. Дәрігерлер не дейді?

128
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ президенті Трамп жыл сайынғы медициналық тексеруден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta-ға сілтеп.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, мемлекет басшысы президенттік міндеттерін атқаруға толық жарамды.

Тексеру Walter Reed National Military Medical Center әскери-медициналық орталығында жүргізілген. Үш сағатқа созылған кешенді тексеру барысында компьютерлік томография, кардиологиялық зерттеулер мен онкологиялық скрининг өткізілген. Президенттің денсаулығын 22 бейінді маман бағалаған. Алайда медициналық есепте бірқатар ескертулер де көрсетілді.

Дәрігерлердің мәліметінше, соңғы бір жылда Дональд Трамптың салмағы 6 келіге артқан. Қазір оның салмағы 108 келіні құрайды.

Бойы 190 сантиметр болатын президенттің дене салмағының индексі 29,7 көрсеткішіне жеткен. Бұл көрсеткіш семіздік шегіне өте жақын саналады. Себебі клиникалық семіздік ДСИ 30-дан асқанда анықталады. Осыған байланысты мамандар президентке тамақтану рационын қайта қарап, артық салмақтан арылуды және дене белсенділігін арттыруды ұсынған.

Ал Трамптың қолындағы көгерген іздері жиі қол алысу кезінде жұмсақ тіндердің тітіркенуі себеп болғаны айтылды. 

Сонымен қатар президент жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін аспирин қабылдайды. Бұл препарат қанды сұйылтатындықтан, көгерулердің жиі пайда болуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер аспирин мөлшерін азайтуды ұсынған.

Медициналық есепте президентте созылмалы веналық жеткіліксіздік белгілері бар екені де айтылған. Бұл – жас ұлғайған сайын жиі кездесетін аурулардың бірі.

Мамандар аяқтың төменгі бөлігінде аздап ісіну байқалғанын растағанымен, оның жағдайы өткен жылмен салыстырғанда жақсарғанын атап өтті.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料